Кеше облыс әкімі С. Трұмов бастаған жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау үшін қаладағы бірқатар сауда орындарын аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады.
Мониторинг тобының құрамында облыс әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеті Департаментінің бастығы және облыстық басқармалардың өкілдері болды.
Өңір басшысы жауапты мамандарға бағаны белгіленген межеден асырмай қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Осы орайда тұрғындарды дүкендердегі бағаның артқанын көрген жағдайда www.dosmart.kz сайтына немесе телеграм арнасына https://t.me/consumerprotectionKZ хабарлауды сұраймыз.