Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев мәлім етті. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
«Коронавирус инфекциясы» профилактикасы бойынша күнделікті 280 адамнан тұратын департамент қызметкері және 140 полиция қызметі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 938 мүшесі, қорғаныс министрінің 408 әскери қызметкері тұрғындар арасында профилактикалық іс-шаралар, дезинфекциялық жұмыстар жүргізуде.
"Облыстағы 51 елді мекенде, алаңдар мен саябақтарда, мәдени сауықтыру және қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында, теңіз жағалауында, проспектілерде профилактикалық жұмыстар атқарудамыз. Ақтау халықаралық әуежайында, теңіз портында, Құрық, Баутино, Маңғышлақ, Шетпе, Бейнеу елді мекендерінде және Жаңаөзен темір жол вокзалында сонымен қатар қалалық және аудандық барлық автовокзалдарда әр бір сағат радио арқылы тұрғындарға ақпарат беріліп отыр", – деді азаматтық қорғау полковнигі МО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.
249 дауыс зорайтқышы бар қызметтік автомобильдер: оның ішінде АҚ органдары-90, ІІО-41, ЖАО-68, Қорғаныс министрлігі -23 көп адамдар жиналатын жерлерде рейд жүргізілді. Күніне екі рет «ВЕСТНИК» хабарландыру жүйесі арқылы, бір күнде күніне бір «АLMA TV» 15 телеарналық каналдарды, радиоларда, денсаулықты сақтау нысандарында нұсқаулықтармен таныстырылады.