Төтенше жағдай кезінде облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге 180 000 текше метр ауыз су қоры бар. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев МО Қоғамдық коммуникация орталығында мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР Президентінің Covid-19 инфекция жағдайы туралы және кризиске қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін, облыс әкімдігі және тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді төлеуге қатысты коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелермен тиісті жұмыс атқарылды.
Нәтижесінде, ел аумағында төтенше жағдай аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының барлық тұтынушылары үшін қарыздарды өндіріп алуды тоқтата тұру шаралары қабылданып, коммуналдық қызмет түрлерімен (электр энергиясы, газ, жылу, су) үздіксіз қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, тұрғындар коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден босатылмайды. Тек төтенше жағдай аяқталғанға дейін қажетті жағдайда ғана келісіммен төлемдерді кешіктіріріп төлеуге болады.
Ж.ҚАЛИЕВА
Суреттерді МО Қоғамдық коммуникация орталығы ұсынды