ТЖ кезінде Маңғыстаудан жүретін жолаушылар пойызының қоғалысы қалай өзгерді?
[ 2020 ] 30 наурыз, 16:34 | Маңғыстау жаңалықтары
Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты «Қазақстан темір жолына» сілтеме жасап хабарлайды.
- ҚР аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес №77/78 Маңғыстау–Алматы пойызы Шымкент стансасында жолаушыны түсіріп-отырғызуды тоқтатты.
- №37/38 Маңғыстау–Нұр-Сұлтан пойызының бағыты Атбасар стансасына дейін қысқарды.
- №77/78 Маңғыстау–Алматы пойызының бағыты Шу стансасына дейін қысқарған.
Айта кетейік, Маңғыстау-Алматы (және кері бағытта) бағыты бойынша тек Маңғыстаудан шығатын екі құрам жүреді.
- Сондай-ақ, 30 наурыздан бастап Маңғыстау-Бейнеу, 1 сәуірден бастап Маңғыстау-Атырау бағытындағы пойыздар жүруі тоқтайды.
1018
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.