Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
"Мен Еуразиялық банктен жеке тұлға ретінде несие алғанмын, несие тарихым жақсы. Несиені сұлулық салонына түскен табыстан төлеп келдім. Төтенше жағдайға байланысты клиенттер болмағандықтан, біз жұмысты тоқтаттық. Менің шағын салонымда үш шаштараз жұмыс істейді, олар төтенше жағдай кезінде табыссыз қалды. Үкіметтің шешіміне сәйкес жұмыс беруші ретінде менің несие төлемім кейінге қалдырылды, ал менің қызметкерлеріме 42 500 тг еңбек төлемі беріледі," дейді жаңаөзендік кәсіпкер Балсұлу Махмұтова.