Маңғыстау ауданында "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ-ның тапсырысымен скейт-парк және балалар ойын алаңы салынатын болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Мұнай-газ өндіруші ұлттық компания әлеуметтік нысанды салуға “Биджипи” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне зор жауапкершілікті жүктеп отыр. Аталған серіктестік ауданда сейсмикалық геологиялық іздестіру-барлау жұмысын жүргізеді.
Саябақ пен балалар ойын алаңы құрылысын жүргізу үшін “Биджипи” ЖШС мен Маңғыстау ауданы әкімдігі арасында меморандум жасалып, тараптар келісімге келіп отыр.