“Шаңырақ” тұрғын үй кешенінің тұрғындары бір апта бойы ыстық су мен жылусыз отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала тұрғындары күн күрт салқындаған кезде жылу мен ыстық судың өшірілгеніне наразы.
Белгілі болғандай, газбен жұмыс істейтін қазандық тұрғныдар ақша төлемегені үшін өшірілген. Қарыз шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр.
Бұл ретте тұрғындардың өздері тұтынушыларға түбіртек беретін "Шаңырақ Жылу" ЖШС қызмет көрсетуші ұйымына берешегі жоқ деп мәлімдеп, бәрін уақытында төлейтінін айтып отыр.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Маңғыстау филиалы хабарлауынша, олармен "Шаңырақ Жылу" ЖШС қазандыққа газ жеткізуге шарт жасасқан. Соңғы үш айда олар бірнеше рет берешегі туралы жазбаша хабарламалар мен ауызша ескертулер жіберген.
"Қарыз сомасы шамамен бес миллион теңгені құрайды. Ол қаңтар мен ақпан айларында жиналды. Наурыз айында біз тек шот-фактура жасаймыз. Компанияға бірнеше рет ескерту жасалды, бірақ олар тұтынушылар төлем жасамайды дейді. Жұма және дүйсенбі күндері "Шаңырақ Жылу" ЖШС-нен 1,5 миллион теңге ақша түсті", - деді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалының өкілі.
Енді тұрғындар өздеріне қызмет көрсететін ұйымды және қарызды төлеуді бақылауға алуы тиіс.