
Ақтауда «Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚКО-на сілтеме жасап.
Айтыстың мақсаты - оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау, ақындық қабілетін айқындап, табиғи дарынын дамыту, суырыпсалма айтыс өнерін жандандыру.
Айтыс тақырыптық және қайым айтыс номинациясы бойынша өтті. Рухани шараға 5 ақын қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақтау қаласындағы «Дарын» облыстық мектеп-интернатының 10 - сынып оқушысы Байжігіт Бейбіт пен Қарақия аудандық № 3 жалпы білім беретін мектептің 10 - сынып оқушысы Сәрсен Әли иеленді.
І орынды Жаңаөзен қаласы, № 7 жалпы білім беретін мектептің 10 - сынып оқушысы Базылбек Серікбол алды. Ал ІІ орын Мұнайлы ауданы, № 11 жалпы білім беретін мектептің 10 - сынып оқушысы Атамурадов Айшуаққа бұйырды. ІІІ орынды Ақтау қаласы, № 8 жалпы білім беретін мектептің 8 - сынып оқушысы Борис Зәмзәм қанжығасына байлады.
Айтыс жүлдегерлері Маңғыстау облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.