
Ақтауда 13 ақпан күні 8 шағынаудандағы көпқабатты үйдің жоғары қабатынан ер адам құлап қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайғылы оқиға №18 тұрғын үйде болған. Тұрғындар үй ауласында жатқан адамның денесін көрген. Оқиға куәгерлері тиісті орындарға хабарлаған соң жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келген.
"Аталған жағдай бойынша полиция өзін өзі өлтіруге жеткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбайды", - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.