7 мамырда қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
1992 жылдың дәл осы күні Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Осы ретте Қазақстан Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды.
2012 жылғы 4 қазанда Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңдағы толықтыруларға қол қойды, құжатқа сәйкес 7 мамыр мереке және демалыс күні болып жарияланды.