
Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарында қатты жел мен аяздың салдарынан бірнеше бағыттағы жолаушылар пойызының қозғалысы қиындап, кешігеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
Олардың арасында 10 сағаттан астам уақытқа кешігіп жатқан пойыздар да бар. Олар:
1. № 72 Шымкент-Нұр-Сұлтан – 6 сағатқа;
2. №3 Алматы-Нұр-Сұлтан –10 сағат 30 минутқа;
3. №27 Алматы-Орал – 9 сағатқа:
4. №9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 – 11 сағатқа;
5. №86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 –6 сағатқа;
6. №1 Алматы-Ташкент – 14 сағат 40 минутқа;
7. №11 Алматы-Шымкент – 8 сағат 30 минутқа;
8. №22 Қызылорда-Семей – 8 сағатқа;
9. №21 Семей-Қызылорда – 8 сағат 20 минутқа;
10. №43 Алматы-Қостанай – 8 сағатқа;
11. №77 Алматы-Маңғыстау – 2 сағат 30 минутқа;
12. №29 Алматы-Атырау – 07 сағат 20 минутқа;
13. №7 Алматы-Саратов – 4 сағат 30 минутқа;
14. №45 Павлодар-Түркістан – 3 сағат 40 минутқа;
15. №75 Петропавл-Қызылорда –3 сағат 20 минутқа.
16. №33 Алматы-Ақтөбе – 6 сағат 30 минутқа;
17. №506 Жезғазған-Алматы – 5 сағат 13 минутқа;
18. № 509 Алматы-Орал – 6 сағат 37 минутқа;
19. №511 Алматы-Атырау – 2 сағатқа;
20. №52 Орал-Алматы – 12 сағат 36 минутқа;
21. №42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа;
Сондай-ақ бүгін, 15 желтоқсанда жүретін №51/52 Алматы 2-Орал және №41/42 Алматы 2-Атырау маршруттарының жүру кестесі өзгертілді. Ал №41/42 Алматы 2-Атырау және кері «Тальго» пойызына билет сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2-Атырау бағытындағы стандартты пойызға отырғызылады. Ал №51 маршруттағы Алматы 2-Орал және кері бағытта «Тальго» пойызына билет сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2-Орал бойынша стандартты пойызбен жолға шығады.