Еліміздің оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» Telegram арнасын іске қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік өңірлердегі жағдайды бейтарап бағалап отыру үшін мұғалімдер арасында анонимді-электрондық сауалнама жүргізілетінін хабарлады. Чатқа түскен ақпараттар мұқият бақылауда болады. Сонымен бірге әрбір өтініш бойынша кері байланысқа шығады.
Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Бұған дейін білім беру ұйымдарындағы барлық бақылау іс-шаралары шеңберінде педагогтерді артық функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру фактілері қатаң тексерілетіні хабарланған болатын.