Коронавирустық инфекция салдарынан ұзақ уақыттан бері болмаған адам өлімі 6 қарашада тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта еліміз бойынша 693 адам аталған вирустан ем қабылдап жатыр. Ал 553 адамның тест сынамасы оң нәтижені көрсеткен. Сонымен бірге 140 адам коронавирусқа қарсы тест тапсыру кезінде сынамасы теріс нәтиже байқалды. Олардың 82-сі стационарларда ем қабылдауда. Ал үйде ем алып жатқан 611 адам ресми тіркеуге алынған.
Министрлік ауыр жағдайда 8 науқастың барын хабарлады. Оның екеуі өте ауыр жағдайда көрінеді. Айта кетерлігі, олардың біріне жасанды дем беру аппараты қосылған.