Ереже 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бекітілген ережеге сәйкес ауылда, кентте немесе ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілер 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік субсидия ала алады.
Бұл 75-тен 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығынын жабады.
Субсидия алу үшін жұмыс берушілер қызметкермен 5 жылға еңбек шартын жасасуы, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үйге ауыртпалықтардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.
Бұл ретте аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды және бекітеді.
Аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалары бар немесе агломерациялардың, функционалдық қалалық аудандардың құрамына кіретін 30 километрге дейінгі жақын орналасқан ауылдық округтердің тізімдеріне, ауылдарына, кенттеріне, ауылдық округтеріне енгізуге жатпайды.
Бекітілген ереже 15 қаңтардан бастап, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кейін күшіне енеді.
Ережемен мына сілтемеде танысуға болады.