Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті. Бұдан басқа, класс жетекшілік, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік және тәлімгерлік үшін де қосымша төлем қарастырылған. Одан басқа педагогтар үшін еңбек демалысы 56 күнге дейін ұзартылады.
Мұғалімдердің жалақысын өсіру ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есе өсіру тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 35-50%, әлеуметтік сала қызметкерлерінікі — 30-60% дейін көтеріледі.