Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің алдағы отырысының күн тәртібі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев одаққа мүше елдердің көп қырлы өзара іс-қимылдарын тереңдету қажеттігіне назар аударды.