Бахытжан Намаев ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. "Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды", - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде. Айта кетейік, 2 сәуірде Бақытжан Намаев Қызылорда облысы әкімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бахытжан Намаев 1964 жылы дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Саяси экономика" мамандығы бойынша, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ды "Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу және пайдалану"мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты, ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Жалпы техникалық факультетінің ассистенті болып бастады. Кейін жеке секторда және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы жүйесінде жауапты басшы лауазымдарын, "Батум мұнай терминалы" компаниясының бас директоры лауазымын атқарды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы. Осыған дейін Президенттің Байқоңырда арнайы өкілі ретінде Серік Қожаниязов жұмыс істеді. Ол 2019 жылдың наурыз айының соңында қызметінен босатылды.