Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Мадияр Смәділұлы 1978 жылы 8 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған. 2002 жылы Ливияның Триполи қаласындағы Исламға шақыру университетін бітірген, араб тілі және исламтану бакалавры. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, филология магистрі. 2002-2005 жылдары Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы. 2005-2006 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы. 2006 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы. 2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы. 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесшісі. 2015-2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2017 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындалуға шейін Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулы қызметін атқарған. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, үш баласы бар.