©
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында 4-сынып оқушысы мектеп ауласындағы трасформаторға токқа түсіп қалды.
«5 қазан күні Шалқар қалалық №2 мектеп-гимназиясында оқитын 4-сынып оқушысы мектеп ауласында орналасқан трансформаторға тоққа түсіп қалды. Сол күні ол сағат 12:30-да 6 сабақтан шығып, үйіне барып, мектеп ауласындағы спорт алаңына ойнауға қайта келген. Ойнап жүріп сағат шамамен 14:00-де темір қоршаудан өтіп, трансформатордың есігін қолымен тартып, қуыстан ішіне кіріп кеткен. Сол кезде баланың жанында достары болған. Іштен шыңғырған дауысты естіген кезде мектеп қызметкерлері шығып, кілтпен трасформатор ішін ашты. Баланы 7 қазан күні санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Анасы бізбен хабарласып, жағдайы айтып отыр. Отадан сәтті шықты»,- деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Абзал Абдыков.
Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында операция жасалды. Оның қол сүйектері күлге айналған. Бас дәрігер Нұрлан Кожиннің айтуынша, консилиумның шешімімен оқушының екі қолы кесілді.