Әсет Исекешев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.
2008 жылдың ақпанында Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2009 жылдың мамырынан – ҚР индустрия және сауда министрі.
2010 жылдың наурызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қаңтарынан – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2012 жылдың қыркүйегінен – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.
2014 жылдың тамызынан – ҚР инвестициялар және даму министрі.
2016 жылдың 21 маусымында Астана қаласынің әкімі болып тағайындалды.