
© Фото: kapital.kz
2023 жылы жеке тұлғалардың банкроттық процесін іске асыру шеңберінде жаңа цифрлық шешім іске қосылды. 80 мың адам электронды түрде өтініш берді, оның ішінде 16,5 млрд теңгеден астам қарыз бойынша 9 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Процесс толығымен автоматтандырылған. Бұл ретте тексеруді онлайн мемлекеттік органдар, екінші деңгейдегі банктер, қаржы ұйымдары жүргізеді.
"Субъективті фактор жоқ. Барлығы автоматтандырылған. Осының арқасында өтініш берушілердің тек салық органдарына жүгінуге және осы процеске қатысуға мүмкіндігі бар", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттық туралы заңнамасын жетілдіру аясында жаңа нормалар енгізілетін болады.