Балалар мен ересектер балалардың құқықтары бұзылған және тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған барлық жағдайда «Төтенше жағдай қызметі 111» қызметіне хабарласа алады. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді және барлық өтініштер құпия түрде сақталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Елімізде жыл сайын балаларға қарсы 2 мыңнан астам қылмыс жасалады, оның 700-ге жуығы жыныстық қол сұғуға қарсы. Сонымен қатар балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының 60 пайызы отбасында орын алады.
Бұған дейін қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесу үшін арнайы жедел топтар ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта 2182 топ ашық.
Айта кетейік, осыған дейін ұрып-соғу, азаптау және зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жазаны күшейту үшін заңды өзгертуге ұсыныс енгізілген.