1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді, тиісінше, құжаттарды дайындау құны да өсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2022 жылдың басынан бастап АЕК мөлшері 3063 теңгеге дейін ұлғайды. Осылайша, құжаттарын рәсімдеуші қазақстандықтар 0,2 АЕК-тен 8 АЕК аралығында баж алымын төлейді.
Құжаттардың құны:
- паспорт алу - 24 504 теңге (8 АЕК);
- жеке куәлік - 613 теңге (0,2 АЕК);
- жүргізуші куәлігі - 3828 теңге (1,25 АЕК);
- туу туралы куәлік - тегін, бірақ құжат өзгерген, толықтырылған және қалпына келтірілген жағдайда - 1532 теңге (0,5 АЕК);
- некені тіркеу - 3063 теңге (1 АЕК), куәлікке түзету мен толықтыру енгізу - 1532 теңге (0,5 АЕК);
АХАТ куәліктерін қайта беру — 3063 теңге (1 АЕК);
- ажырасуға өтініш беру - 6126 теңге (2 АЕК).