Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында елордадағы ЛРТ құрылысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Бұл жоба бастапқыда-ақ үлкен қателік болды, оны мойындау керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба. Енді оңтайлы шешім қабылдау қажет. Себебі оны жай ғана бұзу уақыт пен ақшаны жоғалтады. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ», - деді Қ. Тоқаев.