Әлеуметтік желілерде пандемия – бұл жаһандық қастандық, ал маска таққан адамдар көміртекпен дем алуға мәжбүр деген ақпарат тарады. Мұның бәрі конспирологиялық және ғылымға қарсы теория, деп жазады Stopfake.kz.
Пандемияны белгілі бір әлемдік үкімет жоспарламағаны туралы біз жазған болатынбыз.
Конспирологияны жақтаушылар пандемияның жоспарланғанына дәлел ретінде белгісіз коронавирустың гипотетикалық өршуіне арналған «Оқиға-201» оқу-жаттығуларын келтіруде. Шара 2019 жылы пандемия басталғанға дейін өтті. Пайдаланушылар ұқсастықтарды бірден байқады. Шын мәнінде, «Оқиға-201» шарасы мен COVID-19 пандемиясына ортақ нәрсе – бұл екі жағдайда да коронавирус қоздырғыш болып табылады. Қалған бөлігінде сценарий COVID-19 пандемиясынан айтарлықтай ерекшеленеді. Оқу-жаттығулар сценарийіне сәйкес, вирус Бразилияда анықталады, ол әлдеқайда жұқпалы, одан болатын өлім-жітім әлдеқайда көп және вакцина халықтың 90% ауру жұқтырған кезде ғана әзірленді.
Мұндай оқу-жаттығулар сценарийі міндетті түрде орындалуы тиіс емес. Оның үстіне мұндай шаралар жиі ұйымдастырылады. Ең танымалдары – «Қараңғы қыс» (2001), трансатлантикалық биотеррористік шабуыл модельделген «Атлантикалық дауыл» (2005) және «Клэйд–ИКС» – вакцинасы әзірленбеген жаңа вирусқа арналған сценарий (2018). (
Маска таққан адамдар толықтай көміртекпен тыныс алуға мәжбүр деген тұжырым ғылымға қарсы. Біріншіден, адамдар оттегін жұтып, көмірқышқыл газын шығарады, бұл таза көміртегі емес, оның диоксиді болып табылады.
Көмірқышқыл газының молекулалары мөлшеріне байланысты маскаларда тұрып қалмайды. Көмірқышқыл газының бір молекуласының мөлшері 0.33 нанометр. Ал жай медициналық масканың талшықтары арасындағы тесіктер 0.3-тен 10 микронға дейін. Бұл ретте, маскалар мөлшері 5-тен 15 микронға дейін болатын сілекей мен қақырық бөлшектерімен бірге таралатын вирусты ұстап қалады.
Бұған дейін біз маска тағы оттегі жетіспеушілігіне әкеледі деген фейкті жоққа шығарған болатынбыз.
Демек, таратылған ақпарат дұрыс емес. Пандемия алдын ала жоспарланбаған және маска тағу көміртекпен улануға әкелмейді.