© Ақорда
Президент Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға трансферт туралы және республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін Заңға қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" және "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.