Қазақстан Президенті Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, Ұлттық Банктегі алтынвалюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды.
Президентке Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.
Ерболат Досаев 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.