
Бүгін, 27 қарашада Жамбыл облысындағы "Қазақмыс" компаниясының "Жайсан" кенішінде қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы тау-кен тресінің 1981 және 2002 жылы туған кеншілері қаза тапты", – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.
Айта кетейік, бұған дейін 24 қазанда кен үйіндісіне 6 қызметкер құлап, Жезқазған қаласының медициналық орталығына жеткізілген еді. Ал 5 қарашада «Қазақмыс» компаниясының Шығыс Жезқазған кенішіндегі №57 шахтасында жазатайым оқиға болып, 39 жастағы қызметкер қаза тапты.