Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат «Бурдж-Халифаның» сыртында Қазақстан туы көрсетілді. Біріккен Араб Әмірлігі еліміздің егемендік мерекесіне орай 282 метрлік алып нысанның сыртын тудың түсіне өзгертіп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тәуелсіздік күнінде мұнараның сыртыда Қазақстан туы бейнесі шығып, көпшілік куә болды. Бұл рәсімнің бейнежазбасы аталған қонақүйдің әлеуметтік желідегі парақшасында жария болды. Ал музыкалық әрлеу ретінде Қазақстанның әнұраны қойылған.
«ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Бурдд-Халифа» от шашу ұсынады. Біз оларға бейбітшілік және өркендеуді тілейміз», - деп жазылған бейнежазбада.