Қазақстан мен Қытай азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен соң 30 күн виза режимінен босатылады. Екі ел азаматтары емделу, іскерлік кездесу, туризм немесе транзиттік мақсатта шекара асса виза талап етілмейді. Сыртқы істер министрлігі дайындаған құжат көпшілік талқылауына ұсынылды. Осы орайда mangystaumedia.kz сайты визасыз режимнің қандай артықшылықтары болуы мүмкін деген сауалға жауап іздеп көрді.
Ресми мәліметтерге сәйкес Қытай Халық Республикасында қазір 3,5 мыңға жуық қазақстандық студент жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Визасыз режим туралы уағдаластық білім мен ғылым саласындағы қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ҚХР-да білім алып жүрген қазақстандық студенттердің ата-аналары балаларына кез-келген уақытта визасыз барып, кездесе алады. Осыған дейін бұл қиын процесс болатын.
Қытайлықтар саяхатты жақсы көреді. Statista.com ресурсының ақпаратына сүйенсек 2021 жылы қытайлықтар шекарадан шығу үшін 105,7 млрд доллар жұмсаған. Визасыз режимді енгізу елген туристерді көбірек тартуға да жол ашады. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларының өзінде Қазақстанға аспан асты елден 8 мыңнан астам турист келген. Визасыз режим негізінде көрші елден туристік мақсатта келушілер көбейсе, елдегі шағын және орта бизнес, қызмет көрсету саласына түсетін қаржы да молаяды.
Визасыз режим арқылы іскерлік байланыстарды жылдам орнатып, елге инвесторларды тарту да оңтайлы болады. Қытай Қазақстанға ең көп инвестиция жасаған Нидерланды, АҚШ, Швейцариядан кейінгі төртінші ел болып отыр. Осыған дейін Қытайдан Қазақстанға 23,3 млрд доллар инвестиция тартылған.
Қазастаннан бөлек Қытай Сауд Арабиясымен, Катармен, Омандамен, БАӘмен және Сервиямен визасыз режим енгізуді.