Кеше қала әкімі Ғ.Ниязов қаланы көгалдандыру және абаттандыру мәселесі бойынша кезекті жүрмелі жиын өткізді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта «Атамекен мүгедектерді қолдау» ҚБ "Ынтымақ" алаңы және Тобанияз ескерткіші, 7 және 2 шағын аудандар мен Ақтаудан 20 бекетке дейінгі жасыл желектер егілетін аймақтарға толығымен тыңайтқыш себіліп, жер асты су құбырларын жүргізуде. Жоспарға сәйкес суару жұмыстары 15 мамырда басталмақ. Одан бөлек, саябақтардағы орындықтарды сырлау жән абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала басшысы Приморский және Рауан тұрғын массивтеріне барды. Приморский тұрғын массивіндегі жөндеу жұмыстары жасалған кәріздік сорғылау құдықтарын (КНС) тексерді. Рауан тұрғын массивіне жаңадан тартылатын ауыз су құбыры және ауылішілік автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта, Рауан тұрғын массивінде осы аталған құрылыс жұмыстарына байланысты егін шаруашылығына арналған су құбырларының уақытша орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.