Бибісара Асаубаева Қытайдың Сиань қаласындағы The Belt and Road 2023 to World Chess woman 's Summit шахмат турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
18 жастағы қазақстандық Бибісара Асаубаева мен әзірбайжандық Гюнай Мамедзаде теңдей 8,5 ұпай жинады, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша отандасымыз 2-орынды иеленді.
"Демалыс күндері Қытайдағы турнирде ойнадым. Кем дегенде бір ұпай жинау мүмкіндігім болды. Өкінішке орай, аталған турнирде тай-брейк ойналмайды, нәтижесінде екінші орынды иелендім. Келесі жолы жеңген партияларымды жетілдіре түсу керек", - деп турнир барысы жайында баяндады Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында.