
AMANAT партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасайдың 2024 жылғы 3 маусымдағы бұйрығымен Amanat партиясының Бейнеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып Назарбек Қадыр тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Назарбек Сұлтанұлы 1984 жылы 14 тамызда Бейнеу ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2006 жылы Ақтау қаласындағы М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясының филиалында кеме энергетикалық қондырғылары мен жабдықтары мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақтау қаласындағы «Caspian Dive Services» ЖШС оператор болып бастаған.
2007 – 2015 жылдар аралығында Баутино селосындағы «ENKA Insaat ve Sanayi A.S.» ЖШС кеме моторшысы қызметін атқарды.
2015 - 2018 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы «WORLD-Agroprom» ЖШС директор қызметінде болды.
2018 – 2019 жылдар аралығында Форт-Шевченко қаласындағы «ТүпқарағанСтройСервис» ЖШС бөлім бастығы қызметін атқарды.
2020 – 2021 жылдар аралығында Құрық ауылындағы «Құрық Порты» ЖШС инженерлік желілер мен құрылғыларды пайдалану жөніндегі инженері болып қызмет атқарды.
2021 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін Бейнеу ауданы әкімінің аппаратының баспасөз хатшысы қызметін атқарды.