21-24 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында «Еңбек күніне» орай облыстық деңгейде «Менің жетістігім - менің нәтижем» тақырыбында бұқаралық спорттық іс-шаралар өтеді.
Спорттық іс-шараларға халық тұрғындары және мекеме қызметкерлері қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорттық іс-шаралардың өту уақыты келесідей:
21 қыркүйек күні облыс тұрғындарының арасында велошеру өтеді. Сағат 09.00-да қатысушылар тіркеледі, ал сағат 10.00-да велошеру басталады.
Сөре: АвтоЦОН
Мәре: Амфитеатр алаңы
23 қыркүйекте «Маңғыстау арена» СК мекемелер арасында (қыздар) волейболдан жарысы ұйымдастырылады.
Ойын сағат 10.00-де өтеді.
23 қыркүйекте «Маңғыстау арена» СК мекемелер арасында қол күресі, гір тасын көтеру және арқан тартыс жарыстары өтеді.
Басталуы - 10.00
24 қыркүйекте «Халық арена» СК сыртқы алаңында мекеме қызметкерлері арасында шағын футбол жарысы (6×6) өтеді.
Сағаты - 10.00.