Нұрлан Домбаев пара таэквондодан Токиода өтетін Паралимпиаданың ұлттық құрама үшін алғашқы лицензиясының иегері атанды. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спортшы Әлемдік рейтинг нәтижелері бойынша көшбасшы атанып, 75 келі салмаққа дейін К43 категориясында лицензияға ие болды.
Нұрлан Домбаев – екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы. 2019 жылы спортшы 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды: Әлем, Азия, Ашық Еуропа біріншіліктерінде – алтын және Африка Чемпионатында – күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар спортшы 2019 жылы «Altyn Samgay» Ұлттық Спорттық Жүлдесі бойынша «Паралимпиадалық спорттың үздік спортшысы» атанған болатын.