©
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019-2021 жылдары ауылды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды. «Біздің ауылдарды өсім нүктелеріне айналдыруымыз керек. Әрбір ауылда қандай да бір жұмыс орнын ашу керек. Ол үшін микронесиелер бар. Жұмыс берсек тұрғындар ауылда қалады. Бізде бірінші мамандықты тегін оқыту жүйесі, Жол картасы бар. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол салып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, ШОБ-ты дамыту керек. Ауылда өзінің әлеуеті бар. Өңдеу өнеркәсібін ол үшін дамыту керек. Елімізде үлгілі ауылдар жетерлік», - деді Президент. Осыған байланысты Президент Үкіметке «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. «Сонымен бірге, ұсыныстармен бірге осы бағытта қаржыландыру бойынша 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Осы жастарды ауылда ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.Дереккөз: ҚазАқпарат