6-7 желтоқсан күндері Астана қаласында "2018 жылдың Үздік өрт сөндіру бөлімі" республикалық байқауының екінші кезеңі өтті. Сайыс қорытындысында Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеңімпаз атанды. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Байқаудың бірінші кезеңі өңірде жергілікті жерлерде өтті, онда өрт сөндіру депосының үй-жайларын, өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт сөндіру бөлімдерінің өрт-техникалық жарақтарын өлшемдер бойынша күтіп ұстау бағасы енгізілді.
Екінші кезеңіне қатысушылардың өзімен бірге жеке құрамның өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді орындау бейнематериалдары, тиісті техникалық және қызметтік құжаттардың көшірмелері, материалдары бар фотоальбомдары таныстырылды.
Іс-шараның ресми ашылуында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р.Беккер қатысты.
Байқаудың екінші кезеңі шеңберінде барлық қатысушылар тестілеуден өтіп, өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру кезінде өздерінің физикалық қасиеттерін көрсетті. Қай қырынан үздік шыққан маңғыстаулық өрт сөндірушілер 9-рет ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы атанды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67201,67200,67202"]