Олар парта мен тақтаны он жыл серік етті. Ұстаздың үйретуімен әріп танып, ұстаз бағытымен білім алды. Ал бүгін мектеппен де, ұстазбен де, сұр көйлек, ақ бантикпен де қоштасты. Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылып, түлектерін ұядан ұшырды.
Ақтау қаласындағы №23 мектеп үшін бұл жылғы «Соңғы қоңырау» салатанатын бұрынғыдан өзгерек атап өтті. Мектеп бітіргелі отырған түлектер мен ата-аналарын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев арнайы келіп құттықтады.
Биыл бұл білім ордасын 93 түлек тәмамдағалы отыр. Оның екеуі – «Алтын белгіден», төртеуі – «Үздік аттестаттан» үмітті.
-Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, сыныптастар! Бүгін біз үшін айтулы күн. Мектеп қабырғасындағы 11 жыл өміріміз көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Сіздердей жоғары санатты ұстаздардан білім алу біз үшін үлкен мәртебе. Сіздердей мәуелі бәтеректерден нәр алып, бүгін біз де көкке қанат самғағалы тұрмыз. Балықтарыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын, - деп «Алтын белгі» үміткері Меруерт Асанова өз тілегін жеткізіп, мектеп кілтін салтанатты түрде жаңа 11-сынып оқушыларына табыстады.
Әдеттегіше бітіруші түлектер алтын ұяларына ән-жырын арнап, мектеппен қоштасу вальсін биледі. 1-сыныптағы ізбасарларының лебізін естіген соң олар үшін Қоңырау соңғы рет сыңғырлады!
Айта кетейік, биыл облысымызда 5611 түлек ұядан ұшқалы отыр. Оның 4167-сі ҰБТ тапсыруға ниет білдірген.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="54488,54490,54491,54492,54493,54494"]