Бұл жөнінде бүгін Маңғыстау политехникалық колледжіндегі семинарда айтылды. Оқу орнында «Зерде» холдингі ұсынған әдістеме бойынша семинар тренинг өтті. Оған ұстаздар мен студенттер, Білім басқармасы мамандары мен «Mediana Services Limited» ЖШС өкілдері қатысты. Семинар барысында Электронды жүйе толықтай түсіндіріліп, таныстырылды.
Бұған дейін облыс мектептерінде mektep.edu.kz жүйесі жұмыс істеп келсе, енді оның қатарына «Е-колледж» қосылмақ. EDUS платформасы негізінде жасақталған жүйе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын жаңалауға бағытталған. Алдағы 2018-2019 оқу жылында колледждер осы жүйемен жұмыс істеп бастайды.
«Толықтай электронды жүйеге көшудің мақсаты – Елбасының берген тапсырмасына толықтай жауап беру, яғни, қағазбастылықтан арылу», - дейді мамандар.
Семинарда Қазақстан бойынша ең үлкен цифрлық жоба болып есептелетін Egov жүйесі мүмкіндіктері, МО Білім саласына қатысты арыз-шағым түсіруге арналған «Derek» мобильді қосымшасының жұмыстары да жан-жақты түсіндірілді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бас ұстазым — өзіңсің-Біз білім басқармасымен 9 жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеміз. Басты мақсат – білім саласында жаңа эко-жүйе жасау. Баланың туу туралы куәлігін ата-ана элетронды өтініш арқылы қысқа уақытта ала алады. Сол құжатымен ол балабақшаға да тіркеледі. 5-6 жасқа дейін балабақшада тәрбиеленеді, білім алады, денсаулығы бақыланады. Осы құжаттардың барлығы mektep.edu.kz жүйесіне интеграцияланады, яғни, бірігеді. Ата-анаға қаптаған құжат жинап жүрудің қажеті болмайды. Автоматты түрде құжаттар балабақшадан мектепке өтеді. Бала 9 сыныпқа келгенде өз таңдауын жасайды. 11 сыныпқа қалуы мүмкін, колледжге түсуі мүмкін. Осы кезде электрондық колледж жүйесі іске қосылады. Оқуыңызға қатысты барлық мәлімет, бағаларыңыз, жинаған ұпайларыңыз, құжаттарыңыз, денсаулығыңызға қатысты ақпараттар толықтай осы жүйеге ауысып кетеді», - дейді «Mediana Services Limited» ЖШС бас директоры Қарлығаш Бекназарова.
Сабақ кестесін, бағаларды, сабаққа қатыспағаны жөніндегі мәліметтерді студенттің жеке парақшасынан біліп отыруға болады. Сонымен қатар ол ақпараттың барлығын ата-аналар да бақылай алады.
Ал мұғалімдерге арналған жүйеде оқу барысына қажетті мәліметтер, жоспарлар, сабақтар әркімнің жеке парақшасында тұрады. Сондай-ақ оқу орны, мұғалімдер бұдан былай ай сайын не тоқсан сайын есеп бермейді, мониторинг жүйесі арқылы оның барлығы білім басқармасына көрініп тұрады.
Облыс бойынша 15 мемлекеттік, 11 жеке меншік колледж бар. Қазір Ақтау қаласындағы медициналық колледж электронды журналға толықтай өткен. Алдағы уақытта барлығы бірдей бір электрондық жүйемен жұмыс істейтін болады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА