©
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінде қылмыстық істер мен материалдарды тіркеу және оларды толтыру» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі Р.Бимагамбетов және кеңсе мамандары қатысты.
Шара барысында сөз алған кеңсе меңгерушісі «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қылмыстық істер мен материалдарды дұрыс тіркеу туралы түсіндіріп өтті. Қазақстан Республикасының барлық соттарында электрондық түрдегі құжаттардың сот органында тіркелген уақытынан бастап, орындауға жіберу мен орындалып аяқталуына дейінгі қозғалысын есепке алу және бақылау, сонымен қатар істердің бірыңғай номенклатурасын енгізуді қамтамасыз ету мақсатында жасалған «Төрелік» жүйесі енгізілген болатын. Сондай-ақ, шарада сот процесіне қатысушыларға жолданатын сотқа шақыру қағазы мен хабарламалардың уақтылы жіберілуі туралы да айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.