Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың баршаға арналған қазыргі заманғы мемлекет құру үшін ұсынған «нақты 100 қадам» бағдарламасы болашақ жолына бастаған міндеттемелік бағдарлама.
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі олқылықтарды түзеуге, заң үстемдігін орынатып, сот жүйесін одан әрі дамуына арналған.
«100 нақты қадамдағы» негізгі бағыттардың бірінші және екінші қадамдарында сот жүйесіне қатысты маңызды шешімдер:
Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңарту, Мемлекттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы, Мемлекет қызметкерлердің жалақысы қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру;
Мемлекет қызметкерлердің лауазымдық еңбек ақыларына өңірлік үйлестіру коэффиценттерін қосу;
Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту-үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру. Екінші бағыттың қадамдарында;
Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, барлық сот процестерін бейне және таспаға жазу шараларын енгізу, Алқа билер соты қолданылатын сапаларды кеңейту, Сот рәсімдерін оңайлату және сот процестерін жеделтету үшін азаматтық-құқтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту;
Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу, жекеменшік сот орындаушылар институын одан әрі дамыту жайы көрсетілген. Міне, осы мемлекеттік қызметкерлерге қойылған талаптарды орындау-әрбір мемлекеттік қызметкер үшін үлкен қадам болмақ.
Елбасы ұсынған оңды өзгерістер мен ұсыныстар болашақта жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға өз септігін тигізеді және одан әрі дамуына жол ашады.
Забира Аманкулова Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы