©
Бішкек түбінде ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 30-дан асты. Бұл туралы РИА Новости Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат жеті жарымда Бішкек түбіндегі саяжайға жүк ұшағы құлады.«Манас» әуежайына қонар кезде құлаған Boeing 747 ұшағы Turkish Airlines компаниясына тиесілі екен. Жүк ұшағы Гонконгтан ұшып келе жатқан. Әуе кемесінің бортында екі ұшқыш пен техникалық жұмысшылар болған. Ұшақтың апатқа ұшырауына қолайсыз ауа райы себеп болған деген болжам бар.
Бұған дейін оқыс оқиғадан 16 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
«Қазіргі таңда ұшақ апатынан қаза тапқандар жайлы мәлімет нақтылануда. Кем дегенде 30 адам көз жұмды. Олар – жергілікті тұрғындар мен экипаж мүшелері», - дейді елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Дереккөз: Baq.kz
https://www.youtube.com/watch?v=WOrnaiIKM88