Кеше Мұнайлы ауданында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі.
— Мұндағы мақсат - қоғамдық орындағы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тиісті шара қолдану. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзған, соның ішінде көлік құралдарын мас күйінде басқарған жүргізушілерді анықтау. Аудандағы жедел жағдайға оң ықпал ету. Шара екі кезеңнен тұрады, біріншісі қаңтардың 12-13-14, екіншісі 19-20-21 күндері аралығында жүреді,-деді бұл жөнінде аудандық ІІБ ЖПҚ басшысы Қалдымұрат Айғарақов.
Оның ақпаратынша, профилактикалық жұмыстың бірінші күні 103 құқық бұзушылық факті тіркелген. Оның 57-сі жол ережесін бұзу, 42-сі нөлдік төзімділік қағидаты бойынша.
Жалпы, қаңтардың 1-нен 10-на дейінгі аралықта аудан көлемінде 37 қылмыс есепке алынса, қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ЖПҚ қызметкерлері 731 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтаған.
Шахида Жұман