Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны өзі жұмыс істейтін автосалонда марихуана сатқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
МО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 58 жастағы күдікті ер адам ұсталды.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде есірткі салынған бірнеше түйіншекті тапты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.