Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болып Тоқбаева Жанна Жұмабайқызы тағайындалды.
Жанна Жұмабайқызы 1980 жылы туған. Білімі жоғары. 2000 жылы – Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ақтау қаласындағы филиалы "Жаратылыстану-ғылыми пәндер" кафедрасының ассистенті болып бастаған.
Кейін Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ақтау қаласындағы филиалының "Экономика және құқық" кафедрасының меңгерушісі, аталған жоғарғы оқу орнының оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, «Азия Техно Сервис» ЖШС директорының орынбасары, Маңғыстау облысы тілдерді дамыту департаментінің "Облыстық тілдерді оқыту орталығы" МКК директоры, Ақтау қаласы әкімдігінің «Қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдан осы уақытқа дейін "Ақтау теңіз порты АЭА" АҚ аудит қызметінің басшысы қызметін атқарған.