Қазақстанда ақпан айында пәтерлер орта есеппен 3,5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Krisha.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Пәтерлер бағасының ең көп өсуі үш облыс орталығында - Ақтау, Орал, Атырауда байқалады. Айта кету керек, бұл қалалар біржолғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері бойынша алда тұр.
Ақтауда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 13,1 пайызға өсті. Сатушылар шаршы метрді 216 975 теңгеге бағалайды. Бұл соңғы үш жылдағы абсолютті максимум. Бұл деңгей соңғы рет 2018 жылдың қаңтарында тіркелген, делінген хабарламада.
Ал екінші орында Орал (+ 7,8 пайыз), үшінші орынды Атырау (+ 4,8 пайыз) тұр.