Бүгін Ақтауда тірек қимыл аппараты зақымданған мүмкіндігі шектеулі спортшы ардагерлер арасында отырып ойнайтын волейболдан IV ҚР чемпионаты басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салтанатты шараны Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл волейбол түрі елімізде кең тараған. Параолимпиадалық спорттың бір түрі саналатын бұл спорт ойыншылардың денесін шыңдап, күш-қайрат қосады, сонымен қатар, командалық ынтымақтастықты арттырады.
Жарыс 28 ақпанға дейін жалғасады.
Суреттерді түсірген: Талант ҚҰСАЙЫН