Ақтау қалалық сотында Д-ға қатысты ҚР КК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, Д. «Rixos water world» қонақ үйінің жұмысшысы бола тұра, «Aktau Tourism City Ltd» ЖШС-не тиесілі бағасы 35 836 теңге тұратын «Tefal» электрошәйнегін, 35 197 теңгелік 12 дана «hisar» шанышқыларын, 35 197 теңге тұратын 12 дана «WMF Hotel» күректерін, бағасы 7100 теңге тұратын 2 дана «Дары Поволжья» 5 литрлік күнбағыс майын жасырын түрде ұрламақшы болған. Нәтижесінде, Д. өзінің қылмыстық құқық бұзушылық әрекетімен жәбірленуші «Aktau Tourism City Ltd» ЖШС-не 113 332 теңге материалдық шығын келтірген.
Алайда, оны мекеме күзетшілері ұстаған.
Басты сот талқылауында сотталушы мен жәбірленуші бір-бірімен ымыраға келіп татуласуына байланысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылған.
Қылмыстық іс медиация тәртібімен сотталушының жәбірленушімен татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиян есесін толтыруына байланысты тоқтатылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.