Қазақстан халық партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының шаралар жоспарының аясында ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Роза Махамбетованың кезекті кездесуі Шетпе ауылдық мәдениет үйінде өтті.
Кездесуге ауыл тұрғындары мен ауыл кәсіпкерлері және түрлі сала кезметкерлері қатысты. Роза Махамбетова жиылған жұртшылыққа еліміздің дамуының жаңа өзегі ретінде әлеуметтік мемлекет құру, қазіргі шынайы жағдайға байланысты экономикалық стратегияны жетілдіру, үкімет жұмысының ашықтығы және оның түпкілікті нәтижеге бағдарлануын қамтамасыз ету сияқты міндеттерді шешуге бағытталған ұсыныстарын жеткізді.
Ауыл халқын зейнеткерлік жасы, зейнетақы қорының ашықтығы сиықты мәселелерге баса назар аударды. Әсіресе тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру жүйесі, мұғалімдер мен дәрігерлердің статусы, ұлттық мұраны сақтау жайына да бей-жай қарамайтындарын білдіріп, ой-пікірлерін ортаға салды.
Жайық НАҒЫМАШ