Маңғыстауда 4 000 000 теңгесін жоғалтқан жолаушының ақшасы табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Асқар Жолананов есімді азамат Шымкент қаласындағы үйін сатып, бір бума ақшасымен «Алматы-Маңғыстау» пойызына мініп, жолға шығыпты. Қолындағы қаражаттың 50 пайызына Ақтау қаласынан баспана сатып алуды және 50 пайызын ауырып жүрген баламды емдетеу керек болған. Асқар таңда пойыздан түскен бойда сөмкелерін перронға жинап қойған. Кейін көлікке салу барысында бір сөмкемнің жоқтығын байқапты. Жоғалған сөмкенің ішінде сатқан үйімнің ақшасы 4 000 000 теңге және керекті құжаттары бар. Өзі сөмкені іздеп таба алмаған соң бірден Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөліміне келіп, ақшасымен бірге жоғалғанын айтып арыз қалдырған", деп жазды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей өзінің фейсбук парақшасында.
"Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел іздестіру кезінде жоғалған сөмкемді және 4 000 000 теңгесімен бірге құжаттарымды тауып берді. Күн-түндемей белсенділік танытқан Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұжымына алғысымды білдіремін", деді ақшасын тауып алған жолаушы азамат.